Мемлекет Шымкент әуежайын сатып жібермекші

2830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/ee72e7ec-524d-4c71-8f04-025b53541805.jpeg
Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеге аукционға қойылды. Тиісті хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Әуежай саудаға 8 қазан күні түспек. Әуежайдың 100%-дық табысы тұтасымен сатып алған үлескердің қолына тимек. Қазіргі таңда Шымкент әуежайы қаланың қаржы басқармасына тиесілі көрінеді. Айта кетейік, әуежайды сатып алған азаматқа ғимарат мен жер үлесінен бөлек, 80-нен астам автокөлік (оның ішінде Toyota Corolla маркалы 3 автокөлік, Toyota Land Cruises 200 маркалы 2 көлік, Land Rover Discovery маркалы 1 темір тұлпар бар). Дегенмен сатып алушы үлескер нысанға 6 млрд теңге инвестиция құюы керек болады. Бұл қаражат терминалдың жаңартылуы мен жаңа құрал-жабдықтардың сатып алуына жұмсалмақ. Еске салайық, бұған дейін "Scat" әуекомпаниясы Шымкенттегі әуежайға жаңа терминалы салатыны белгілі болған еді. Оның құрылысы 2020 жылдың қазанында аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланыпты.
Comments