Қызылордада тергеу изоляторына келген палау ішінен телефон шықты

2663
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/7b77c8e6-a139-4503-8bde-34e49ae3e382.jpeg
Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған А есімді азаматқа танысының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. Танысы Samsung маркалы телефон, "Beeline", "Activ" сим картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments