Таудан табылған ер адам қайтыс болды

2639
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/80e8d6aa-8119-472e-92ef-70d895dd707d.jpeg
Таудан табылған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Сағат 20.45-те Республикалық жедел - құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталыының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Іле Алатауында 35 жастағы азаматтың жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Құтқарушылар оны 2 тәулік өткеннен соң  тапты.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments