Тоқаев жаңа тағайындаулар жасады

2245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/9602417e-71d6-459c-9c4c-b6e1d84b3646.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін; Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін; Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments