Қазақстандықтарға баспана алуға 350 миллиард теңге аударылды

3103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/ba197022-1623-4cc4-9498-8a34b24362ca-960x500.jpeg?token=3899e5a5911ce5324e68d3068b880ca2
Қазақстандықтар 350 миллиард теңгеге жуық соманы мерзімінен бұрын алды, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі. 10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға "Отбасы банк" пен "Қазақстанның Халық банкі" (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ. Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 миллиард теңге жіберіледі. 32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды. Жалпы сомасы 350 миллиард теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы - 5,4 миллион теңге.  Өтініш саны бойынша әлі де Алматы (20,6%), Нұр-Сұлтан қалалары (16,7%) мен Маңғыстау облысы (14,6%) алда.
Comments