Шымкентте отбасылық бизнес мемлекеттік қолдаудан кейін үлкен кәсіпорынға айналған

2277
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/2e3f4727-4b53-40ab-8b48-b040b0da5947.jpeg
Шымкент қаласындағы «PHYTO-APIPHARM» ЖШС 2005 жылы кішігірім жанұялық бизнес ретінде құрылған. Дәрігер-фитотерапевт Андрей Коротков өзінің авторлық «Коротковтың бальзамдары» өнімін шығаруды бастаған. 2018 жылы Кәсіпкер «Даму» қоры«Аймақтық қаржыландыру «ONтүстік өнімдері» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктен 8,5% несие рәсімдеп, өндіріс көлемі кеңейткен. «PHYTO-APIPHARM» компаниясының барлық өнімдері - өсімдік және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде жасаланылады. –Біздің өнімдер – білікті мамандардың арнайы рецептуралар бойынша әзірленген және барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жоғары сапасын қамтамасыз етеді,- дейді кәсіпорын жетекшісі Андрей Коротков. Кәсіпорында адам денсаулығын жақсартуға арналған бальзамдар, жүрек-қан тамырларына, еркек пен әйелдердің жыныстық ауруларына, сүйек ауруларына, өкпе-бауыр және т.б. адам ағзасына пайдалы дәрі-дәрмектер өндіріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments
Other materials