Мұғалім болу үшін диплом жеткіліксіз

2688
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/2d94d6cf-e5b2-4fc2-a2c5-c5c4b74b34a8.jpeg
Осы жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сонымен қатар, мұғалімдер конкурс арқылы да таңдалуы мүмкін. Бұл толықтай электронды форматта өтеді.  
Comments