Қазақстаннан Қырғызстан бақыттырақ

2077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/e3210aa1-ae23-4d1d-93ff-974cd8c4b52a-960x500.jpeg?token=f1ed2c612260de4a529c233f22ab90b0
Біріккен Ұлттар ұйымында World Happiness Report-тың 2021 жылғы есебі жасалды. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алды, деп хабарлайды WHR. Nege.kz жазбасы бойынша, БҰҰ-ның «Әлемдік бақыт туралы» жыл сайынғы есебінде биылғы жылы әлемнің 149 елі күтіліп отырған өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштер бойынша бағаланған. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алып, Ресей, Грузия және Тәжікстан елдерін артта қалдырды. Рейтингінің басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия елі тұр. Бақыт деңгейі бойынша үздік он елдің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия кірді. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-ші орында, Литва 29-шы орында, Қырғызстан – 33-ші, Латвия – 34-ші, Қазақстан – 36-шы, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-ші орында тұр. Рейтингіні Зимбабве және Танзания елдері түйіндеді. World Happiness Report 2021 рейтингісінің биылғы ерекшелігі – оның коронавирус пандемиясының адам өміріне әсер етуін, сондай-ақ түрлі елдер үкіметтерінің оны қалай елегенін бағалауында. Әлем елдерінің бақыт рейтингісі 2012 жылдан бері жасалып келеді.
Comments