Оқушыларға жазғы демалыста 42500 теңге төленеді

5328
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/d9b6e6ad-3921-48d9-be95-d0dcb7646899.jpeg

Батыс Қазақстан облысында 14 жастан асқан мектеп оқушылары жазғы демалыс кезінде ай сайын 42 500 теңге ала алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бастама "Менің аулам – менің бақшам" жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты. 

«Аймақтағы 12 ауданның 70-ке жуық мектебі жобаға қолдау білдірді. Мектеп оқушылары ата-анасы келісім берген жағдайда ғана жаз бойы бау-бақшада еңбектене алады. Оларға айына 42500 теңге төленеді», - деді ол.

Айта кетейік, жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әзірленді.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments