Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

2255
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/covid-19-4908692_1280.jpg
Елімізде өткен тәулікте 2 840 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Айта кетейік, кеше, 6 мамырда 2 443 адамнан COVID-19 анықталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін 4 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 2 298 адам анықталса, 3 мамырда 2 076 жағдай тіркелген еді. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 586, Алматы қаласы – 689, Шымкент қаласы – 139, Ақмола облысы – 137, Ақтөбе облысы – 87, Алматы облысы – 229, Атырау облысы – 79, Шығыс Қазақстан облысы – 108, Жамбыл облысы – 75, Батыс Қазақстан облысы – 145, Қарағанды облысы – 250, Қостанай облысы – 24, Қызылорда облысы – 58, Маңғыстау облысы – 60, Павлодар облысы – 119, Солтүстік Қазақстан облысы – 23, Түркістан облысы – 32. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 337 652 адам.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments