НАТО елдері Ресейге қарсы кезекті экономикалық санкцияны бір ауыздан келісіп, қолдады. Бүгін мұны АҚШ тарапы мәлімдеді. Солтүстік Альянс Ресейді Украинаға қарсы арандату операциясын тоқтатуды талап етіп, шекарадан әскер мен техникаларыңды алып, біржола кетіңдер деп талап қойды.
НАТО елдері Ресейдің Украина мен Грузияның суверенитетін бұзып, территориялық тұтастығына нұқсан келтіріп отырғанын тағы да мәселе етіп көтерді.
"НАТО елдері Украинаның суверенитетін қолдап, ынтымақтастықты әрқашан жалғастырады әрі Ресейдің Украина мен Грузияға қатысты саяси ұстанымын халықаралық дипломатиялық этика мен ұстанымға қарсы әрекет деп санайды. Солтүстік Альянс елдері Ресейге қарсы кезекті экономикалық санкцияны да бір ауыздан қолдап отыр"- делінген мәлімдемеде.
Солтүстік Альянс елдері Ресейге Украина шекарасындағы провакациялық операцияларды тоқтатып, тез арада халықаралық міндеттемелерді мойнына алуды талап етті. Егер де осы міндеттемелер орындалмаса, Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакеттері дайын екендігін ескертті.
Бүгін АқҮй әкімшілігі АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті экономикалық санкциялар жариялайтынын мәлімдеді. Бұл қатарда НАТО елдері мен ЕО елдері де бар.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
"Influential people, extremists, extreme religious people". The President described the incident in January
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers