Колумбия президенті Иван Дуке отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ атқан. Мемлекет басшысы зардап шекпегені туралы хабарланды.
"Президент Иван Дуке отырған тікұшаққа Сардината муниципалитетінен (Солтүстік Сантандер департаменті) ұшып шыққан кезде шабуылжасалған. Тікұшаққа алты оқ атылғаны анықталды. Ұшқыштар мен экипаждың жоғары тәжірибесінің арқасында тікұшақ шабуылдан жалтарып үлгерген", - деп
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
хабарлайды Noticias Caracol телеарнасы.
Президентпен бірге тікұшақта қорғаныс министрі, ішкі істер министрлігінің бастығы, департаменттің губернаторы және Кукута мэрі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, президент пен оның жанында болғандар зардап шекпеген. Колумбия президенті оның тікұшағына шабуыл жасалғанын растады.
Related news

"Адырна" ұлттық порталы