29 маусымда Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м / с.
Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м / с. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 18 м / с.
Қызылорда облысында күндіз 40-42 градус ыстық болады, өте жоғары аптап қаупі бар. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысында кей жерлерде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше аптап қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соғатын жел, шығыстан соққан желдің екпіні 15 м / с.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
