Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

6301
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/07aac35f-e113-48c0-b026-bdbfe964c1b5.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Президенттің жеделхатында.
Еске сала кетейік, кеше Ресейде 28 адам мінген ұшақ құлап, жолаушылар түгел қаза тапқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments