«Диктатура құласын!»: Куба халқы билікке қарсы көтерілді

3726
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/57c91e6f-b2e2-4e02-9726-71f6e1d8312f.jpeg
Кубада жаппай наразылықтар басталды. Демонстранттар "еркін сайлауды" және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Митингке мыңдаған адам қатысып жатыр. Халық Гавана, Пальма Сориан, Сантьяго-Де-Куба, Сан-Антонио-де-лос-Баниос көшелеріне шықты. Бірқатар қалаларда тәртіпсіздіктер орын алып, дүкендер қираған. Diario de Cuba басылымының хабарлауынша, негізгі шағымдар тамақ, дәрі-дәрмек және барлық қажетті заттардың жетіспеуінен туындап отыр. Айта кетейік, ел Президенті Мигель Диас-Канель телекөпір барысында кубалықтарды арандатуларға қарсы тұруға шақырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments