Маңғыстауда мұнайшылар шеруге шықты

4892
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/f42ba15b-c1ba-4a10-9c62-89ec6565d57e.jpeg
Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай компаниясының қызметкерлері еңбек шартын қайта қарауды талап етті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.  Желіде Oilfield equipment and service (OES) ЖШС және Жаңаөзендегі "Ақтау мұнай сервис компаниясы" (АМСК) ЖШС, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы басқа кен орындары компаниялары қызметкерлерінің бейнеүндеуі жарияланды. Видеода жұмысшылар жалақы көтерілуін және жұмыс орындарында тамақтануды ұйымдастыруды талап етті. Сондай-ақ, жұмысшылар Тәуелсіздік күні мен Мұнайшы күніне орай сыйақы беру, сондай-ақ 13-інші жалақы төлеу туралы талап қойды. Сонымен қатар, жұмысшылар видеода көптеген қызметкермен ресми келісімшарт жасалмағанын айтты.
Comments