Закир Сафиуллин перулік қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

3706
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/zakir.jpg
Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жектен сүрінбей өтіп, 1/8 финалға жолдама алды деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы. Закир 63 келідегі перулік Леодан Песо Сабойямен қолғап түйістірген.
Күш сайысында төрешілер бірауыздан жеңісті 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға беріпті. Осылайша Закир  1/8 финалға жолдама алды.
Закир Сафиуллин — 2015 жылғы Азия чемпионы. Жалпы бұл Олимпиадасында қазақстандық боксшылар сегіз салмақ бойынша бақ сынайды.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments