Токио Олимпиадасы: 4 тамызда жарыс жолына кімдер шығады?

4073
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/5673b2bd-88f4-4c82-bff6-7e00058ee0c6.jpeg
Токио Олимпиадасы аяқталуға жақын. 4 тамызда Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев финалға берілетін жолдаманы алу үшін америалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:20-да басталады деп жоспарланып отыр. 4 тамызға арналған кесте: Байдарка мен каноэде есу, әйелдер. Жекелей сын (уақыты  07:12), 200 метр – Маргарита Торлопова. «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр 07:47. Наталья Сергеева «Хабар» арнасы көрсетеді. Еркін күрес. Ерлер, 57 келі. 1/8 финал 08:30. Нұрислам Санаев - Диамантину Иуна Фафе (Гвинея-Бисау) «Qazaqstan» арнасы көрсетеді. Бокс. Ерлер, 91 келіден жоғары. Жартылай финал 12:18. Қамшыбек Қоңқабаев - Ричард Торрес (АҚШ) «Хабар» арнасы көрсетеді. Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу 12:30. Сергей Пономарев. «Qazsport» арнасы көрсетеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments