Нұрислам Санаев әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты

8666
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/7dec5b15-c27c-4df5-a4a4-77ac53bf81a5.jpeg
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашиді 6:4 есебімен жеңді. Айта кетейік, отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments