Алматыда сүйіктісімен ұрсысып қалған жауынгер әскерден қашып кетті

4834
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/izobrazhenie_2021-08-11_161802.png
Алматыда әскери бөлімдегі сарбаз сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін әскерден қашып кетті, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы ақпарат инстаграм желісінде тарала бастады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Brothers (@kris_p_brothers_bazaranet)

6654 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік -құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жандос Құлбаевтың айтуынша, сарбаз 11 тамызда сағат 02: 00 -де табылған.
"Біз бұл жауынгерді хабарландырудың арқасында ұстадық. Оның қашып кетуіне оның сүйіктісімен ұрысып қалып, оған баруға шешім қабылдауы себеп болды. Ол Атырауға кеткісі келді. Оған қатаң сөгіс жарияланды", деді Жандос Құлбаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments