Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Садаат Германияның Лейпциг қаласында курьер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды жергілікті Leipziger Volkszeitung басылымы.
Экс-шенеунік былтыр Ауғанстаннан кеткен. Жиған-тергені аяқталған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты.
Садаат Lieferando тамақ жеткізу қызметіне орналасты. Алайда ірі еуропалық Telekom телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеуді армандайтынын жеткізді.
Related news
Yerlan Karin: 71.7 percent of Kazakhstanis believe that our country is developing in the right direction
