Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында "алтын" медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, "күміске" – 1000 АЕК, "қолаға" – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.Ұстаздар мен тәлімгерлерге де жеңімпаз дайындағаны үшін үстемақы төленеді.
Related news
Father, every word you say is the voice of the nation: exactly one year has passed since the death of Dulat Agadil's son, Zhanbolat.