Дания билігі бүгіннен бастап коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген соңғы шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
"Вакцина мен халықтың күш-жігері осындай ұзақ кезеңде мықты болудың негізі болды", - деді Денсаулық сақтау министрі Магнус Хойнике.Министрлік вирустың қоғам үшін қауіпті емес екенін атап өтті. Енді ел мейрамханаларға, спорт орталықтарына немесе түнгі клубтарға кіру үшін вакцинаны талап етпейді.
«Адырна» ұлттық порталы