15 қыркүйекте Қарағандыда үстел теннисінен «ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жарыстар ағымдағы жылдың ТМД елдері аумағында өткізілетін жалғыз рейтингтік жарыстар болып табылады.
Спортшылардың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды. Турнир қожайындарынан басқа Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан спортшылары бақтарын сынап көруді шешті.
Кіші ракетка шеберлері бес күн бойы «Сарыарқа» үстел теннис орталығында өз ойынымен қуантады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
