Шымкентте көкөніс қоймасын салу жоспарлануда

2829
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/1653be5d-5d2e-4d12-834c-5ddcc9d85ab6.jpeg
Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ. Өткен аптада өткен инвестициялық штабтың отырысында жобаның таныстырылымы өтіп, өзекті мәселелері талқыланды. Жоба ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады дейді.  Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді. Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек берілуін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.
Comments