Аяжан Еділованы зорлау мен өлтіру ісі сотқа өтті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы қаласының СМУС-на зорлау, сондай -ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы бойынша Т. -ға қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл іс жабық есік жағдайында өтеді, өйткені бұл жыныстық қол сұғушылыққа қатысты, - делінген хабарламада.Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі не алқабилердің қатысуымен, не бір судьямен шешіледі. 19 наурызда Алматыда 19 жасар Аяжан Еділова есімді қыз жоғалып кеткен болатын. 22 наурызда оның өлтірілгені анықталды. Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізді, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды. Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылды. Күдікті үйден қалдықтарды шығарып, қоқыс жәшіктеріне лақтырып үлгерген.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO