Шыңғыс Мұқан жастармен кездесті

2315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/fcc2b832-f8dd-42eb-9683-0fbec0110457.jpeg
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қаратау аудандық жастар орталығында қала жастарымен еркін форматта кездесіп, сұхбат құрды. Іс-шара қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының өзекті мәселелері мен қызығушылықтары жайында еркін форматта сұхбат жүргізді. Айта кетейік, Шымкент – жастардың қаласы. Бүгінде қала халқының 23 пайызын жастар құрайды. Шыңғыс Жұмабекұлы қала жастарының сауал-сұрақтарын тыңдап, өтініштеріне құлақ асты. Шыңғыс Мұқан- Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әр саланың белсенді үздіктері, қаламызға белгілі жас кәсіпкер, жас режиссер, мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, еріктілер, пікірсайысшылар, жалпы 20-ға жуық талантты жастар қатысып, белсенділік танытты. Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жеке өмірінен қызықты сәттерін айтып, еңбек тәжірибесімен бөлісті. Шыңғыс Мұқан- Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Еркін форматтағы мұндай жүздесулер басқа да аудандық жастар орталықтарында алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп тұратын болады.  

А.Аманхан       

Comments