Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақат алды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға 27 қазанда орын алды."Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда", - делінген хабарламада.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle