Әскер: Қазақстан тағы да Өзбекстаннан артта қалып қойды

3069
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/uzbeki.jpg
Жаңартылған Global Firepower Index - 2021 рейтингінде Өзбекстан әлем бойынша 51-орынға, Орталық Азия бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, Өзбекстан армиясы Орталық Азия елдері арасында жоғары орынға ие болды. Қазақстан – 61 орын, Ауғанстан – 75, Түрікменстан – 86, Қырғызстан – 93, Тәжікстан-99 орын алды. 2021 жылы Өзбекстанмен әскери күш бойынша салыстырмалы елдер Беларусь, Марокко және Португалия болып табылады. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ішінде Өзбекстан тек Ресей армиясын (2-ші орын), Украинаны (25-ші орын), Беларуссияны (50-ші орын) алға жіберіп, төртінші орынға жайғасты.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments