Жалған Tide пен Миф: Түркістанда қолдан ұнтақ жасап, сатқан (ВИДЕО)

3857
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/izobrazhenie_2021-11-09_101258.png
Түркістан облысында жалған кір жуғыш ұнтақ шығаратын цех жойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р.Абдуллаевтың белгілі маркалы ұнтақтарды заңсыз шығарған цех ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Барлығы жеті бірлік ұнтақтарды орау және буып-түюге арналған құрал-жабдықтар, 500-ден астам қаптама ұнтақ, 100-ден астам қапта 20 келі бос ұнтақ, белгілі брендтердің атауы бар полиэтилен пакеттері тәркіленді. Авторлық құқық иесі үлкен шығынға ұшырады. Ер адамға 5,9 миллион теңге айыппұл салынды. https://youtu.be/AfyHqTSs2mc

"Адырна" ұлттық порталы

Comments