АҚШ Украинаға 80 тонна оқ-дәрі жіберді

2825
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/felrpchxsamol8p-pic_32ratio_900x600-900x600-50614.jpg
АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі Американың Украинаға 80 тонна оқ-дәрі жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, бұл Джо Байденнің тамыз айында Украинаға жіберген 60 миллион долларлық қосымша көмек аясындағы АҚШ-тың төртінші жеткізілімі.
- Бұл АҚШ-тың тұрақты, демократиялық және еркін Украинаның жетістіктеріне деген адалдығын көрсетеді, - деп жазды елшілік өкілі Twitter-де.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Вашингтонның 2014 жылдан бері Украина қарулы күштерін қолдауға 2,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments