Аналар арасында «Ақ кимешек» байқауы өтті

2654
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/84370ff4-ff5a-484b-9ef4-7c810860500d.jpeg
Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданның аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді. Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негізінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болды. Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен тұрғындар сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Comments