Мәскеудегі преснен соты блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов, Ерсін Дүмшебайды 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Сот шешімімен айыпталушылар 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынды", - делінген Мәскеу прокуратурасының хабарламасында.Stan.kz сайтының мәліметінше, оқиға наурыз айында болған. Үш блогер Преснен жағалауына бизнес-класындағы такси шақырып, пранк жасамақшы болған. BMW жүргізушісі жолаушылардың өтінішімен заттарды жүксалғышқа салып жатқанда, блогерлердің біреуі рөлге отырып, көлікті ұрлап кеткен. Олар мұның барлығын видеоға түсіріп алған. Кейінірек кінәлілер жүргізушіге келіп, жағдайды түсіндірген. Алайда полицияда көлік ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалып, жас жігіттер қамауға алынған еді.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov