Ғалымдар: Коронавирус 2026 жылға дейін қауіп төндірмек

3673
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/virus-960x500.jpg?token=32edc6eaac4f7061a55c80244cfbd835
Scientific Advisory Group for Emergencies (SAGE) қызметкерлері мен британдық ғалымдар коронавирус пандемиясының уақытын анықтады. Олардың пікірінше, COVID-19 кем дегенде 2026 жылға дейін қауіпті болады. Олар өз тұжырымдарын ұйымның ресми сайтында жариялаған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"SARS-CoV-2 денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіруді жалғастыруда және кем дегенде алдағы бес жыл ішінде вакцинация мен індет туралы деректерді белсенді бақылауды қажет етеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сарапшылар вакцинация, эпидемиологиялық бақылау және инфекцияның таралуын жаһандық тежеу ​​шаралары жеткілікті тиімді болмаса, бұл кезеңдердің артуы мүмкін екенін атап өтті.
Сондай-ақ мәлімдемеде 5-10 жыл ішінде вакцинаның көмегімен ұжымдық иммунитетті сақтау, сондай-ақ басқа да шараларды (тексеру, желдету, науқастарды оқшаулау және т.б) аурудың таралуын бәсеңдететіні айтылған.
Ғалымдар бүгінде Ұлыбританияда басқа еуропалық елдермен салыстырғанда тұрғындарды вакцинациялаудың арқасында COVID-19 ауруы бойынша жағдай тұрақтанғанын атап өтті.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments