Шымкентте 5 мыңға жуық адам «PFIZER-BIONTECH» вакцинасын салдырды

2596
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/8d68d285-eaef-4770-b25d-347cdc7a980b.jpeg
Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020 адам вакцинаның екі компонентін алды. Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу басталды. Вакцинаның 1-ші компоненті 4 973 адамға егілді. Айта кетейік, коронавируспен күреске тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған. Қаланың медициналық ұйымдарында ковид індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Comments