Түрксойдан Алматы оқырмандарына 2000 кітап сыйға берілді

7392
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/d69d76bb-d3b2-4185-b8af-dc3188037248.jpg
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Almaty сreativ hub» ғимаратында, халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы шығарған, Түркиядан әкелінген қазақ классик ақын-жазушыларының 24 кітап-альбомдарының 2000-ға жуық данасын Алматы қаласы кітапханаларына сыйға тарту етілді. Оның ішінде үш тілде жарияланған «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» және т.б. кітаптар бар.           Іс-шараға «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілдері және шығармашыл зиялы қауым қатысты.  

«Адырна» ұлттық порталы.

Comments