Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

3280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/aaaacf39-b5ee-41bb-8878-4d40e704ccac.jpeg
Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз, – делінген Президенттің жеделхатында.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments