Қазақстан елшілігі Қырғызстанда аста-төк той жасады (ВИДЕО)

2448
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/1280417.8de07538345f4bbd859c53f37850aeb6.jpg
Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.
- Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар", - дейді видео сыртындағы дауыс.
Алайда бұл видео Қазнетті ашуландырып үлгерді. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.
- Бұл басқа қабылдаулар сияқты қарапайым бас қосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған, - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Кейін ерекше тағамдардың авторы қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди екені белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments