Атыраудағы өрттен қаза тапқан жұмысшылардың бәрі ОҚО тумалары болған

2915
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/b19181ff7fe8e4964c3def04e74b711b_XL.jpg
Бүгін Атыраудағы жұмысшылар жатақханасында болған өрттен қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Қайтыс болған 6 жұмысшы мен жараланған 4 жұмысшы да Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Жараланғандар: 1. Байшығыров Ұлан Амангелдіұлы, электр-дәнекерлеуші; 2. Қалмұрзаев Нұржан Ерқалиұлы, электро-газ дәнекерлеуші; 3. Айымбетов Ринат Шәймерденұлы, электр-дәнекерлеуші; 4. Жарқынбеков Қанат Тиыштықбекұлы, дәнекерлеуші. Қайтыс болғандар:

1. Жұмабеков Самат Бақытбекұлы, слесарь-құрастырушы; 2. Жұрымбетов Ерлан Әуезханұлы, слесарь-құрастырушы; 3. Демеуов Ерген Қалқұлұлы, слесарь-құрастырушы; 4. Шыңғысбаев Мақсат Асқамбекұлыслесарь-құрастырушы; 5. Кенжебаев Самат Асқарұлы, слесарь-құрастырушы; 6. Молдабеков Ералы Нұралыұлы, электро-газ дәнекерлеуші;

"Өрт бүгін таңғы уақытта болған. Бұл кезде жатақханада түнгі ауысымның 20 шақты жұмысшысы демалып жатқан болатын. Олардың төртеуі түрлі дәрежедегі күйікпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Comments