Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда 16 және 19-шағынаудандар арасында болған. Полиция қызметкерлері 23.45-те шақырту түскенін мәлімдеді.
"Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде, 29 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілі.
Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені, кейін ол да есін жимастан қайтыс болғаны белгілі болды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда бұзуы" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.
“Адырна” ұлттық порталы
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
