Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазіргі ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.ҰҚК, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Армения Ресейге ашық қарсылық көрсете бастады. Әйелін басшы етіп Украинаға гуманитарлық көмек жеткізетін делегация аттандырды.
Қазақстандық оқушылар Пекинде өткен IOAI 2025 Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында рекордтық жетістікке жетті
