Қырғызстанда мемлекеттік тілге басымдық берілмек

1470
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XDjIoZqXRYJEFSjHC1phGgcf4ci4LDE2UfqlLdE3.jpg

Қырғызстан парламенті қырғыз тіліне орыс тіліне қарағанда жоғары мәртебе беретін заңды қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Парламент спикері: «Егер біз қырғыз тіліне немқұрайлы қарасақ, онда біз жақын жылдары ұлт болудан қаламыз», – деп мәлімдеді.

Жаңа заңға сәйкес, радио мен теледидардағы контенттің кемінде 60 пайызы қырғыз тілінде болуы тиіс, мекемелер мен орындардың атаулары қырғыз тілінде жазылуы керек, ал жарнама мәтінінде қырғызша жазу орысшадан ірі қаріппен жазылуға тиіс.

Барлық мемлекеттік қызметкерлер, соның ішінде судьялар, прокурорлар, сайланбалы лауазымды тұлғалар, депутаттар мен министрлер қырғыз тілін білуге міндетті. Бұл талап құқық қорғау органдары қызметкерлеріне де қатысты. Сонымен қатар, қырғыз тілін білмеу енді елде тұруға рұқсат беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.

Қазір Қырғызстандағы 7 миллион халықтың шамамен 80 пайызы орыс тілінде сөйлейді, ол күнделікті қарым-қатынаста кеңінен қолданылады. Ресми түрде қырғыз тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі – ресми мәртебеге ие.

AFP атап өткендей, бұл — Украинаға қарсы Ресейдің ауқымды соғыс әрекеттерінен кейін ұлттық бірегейлікті насихаттай бастаған посткеңестік кеңістіктегі бесінші мемлекет.

Бұған дейін Қырғызстанда мемлекеттік әнұранды да өзгерту туралы шешім қабылданған еді, себебі ол кеңестік дәуірді еске салады. Қазір әнұранның жаңа мәтіні мен әуеніне арналған байқау жүріп жатыр.

Пікірлер