Саржалдың сары қымызы. Қазақстандағы дәмді қымыз анықталды

2396
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EHPbe6jhi0Jt7VwpgzP8yIonysYZcOzRZdHEGfAT.webp

Қазақстанда алғаш рет қымызға арналған «BaiQymyz» фестивалі өтті. Екі күнге созылған бұл мәдени шарада халық ең дәмді қымызды анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысты. Арнайы құрылған әділқазылар алқасы қатысушы шаруашылықтардың қымыздарын бағалап, үздігін анықтады. Фестиваль қорытындысы бойынша Абай облысы, Саржал ауылының қымызы «Ең үздік ұлттық сусын» атанып, 20 миллион теңге көлемінде жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, қымызбен қатар, шара аясында жылқы көрмесі, қазақи тұқымдарды таныстыру, ат әбзелдері жәрмеңкесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары, ғылыми конференция және аукциондар өтті.

Пікірлер