Төрт адам көз жұмды. Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

982
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8phBIM54bgSNKkMLvIbJ0ptbGmPVYUEH9EN7UBCV.jpg

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Пікірлер