Шу ауданында оқу ісінің меңгерушісі ауылдастарын тонап кеткен

1070
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5tgCjzTlnfrK6ftnG12YvlNiZ1vcdvVu4U5cEIym.jpg

Шу ауданындағы мектептердің бірінде оқу ісінің меңгерушісі ауылдастарының зергерлік бұйымдары мен қаражатын ұрлап, бұйымдарды Тараздағы сауда орталықтарына сатып жіберген. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті 23 шілде күні кезекші бөлімге жергілікті тұрғыннан арыз түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Тінту кезінде меңгерушіден ақша мен зергерлік бұйымдар табылды.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның үйіне терезе арқылы кіріп, алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткен. 

«Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен Шу ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағының 3-бөлігі бойынша (тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады департамент. 

Тергеу барысында ұсталған адамның жалпы сомасы 3 450 000 теңге мүлікті ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Оқу ісі меңгерушісі қылмысын мойындады. 

Пікірлер