АҚШ президенті Дональд Трамп 31 шілде күні Қазақстан мен тағы бірнеше елдің тауарларына кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес, Қазақстан тауарларына 25 ппайыздық баж салығы салынады. Аталған жарлық 1 тамыздан бастап емес, бір аптадан кейін күшіне енеді.
Осыған қатысты ҚР сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан АҚШ тарапынан енгізілген жаңа тарифтер бойынша келіссөздерді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Маусым айында екі елдің уәкілетті органдары арасында екіжақты кездесу өткен. Онда Қазақстан АҚШ-қа өз ұсыныстарын жіберіп, өзара тиімді сауданы дамыту, тұрақты жеткізілімді сақтау және нарыққа әділетті қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерген.
"Екі тарап ұсыныстарды кеңейтілген сауда-экономикалық диалог аясында талқылауды жалғастырып жатыр. Қазақстан конструктивті ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді, ал америкалық тарап диалогты жалғастыруға әзір екенін растады," – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Министрлік мәліметінше, жаңа тарифтер Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының тек 4,8 пайызына ғана әсер етеді. Қалған 95,2 пайызы баж салығынан босатылған. Атап айтқанда, мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал, титан және бериллий сияқты стратегиялық шикізат өнімдері шектеуге ұшырамайды.
АҚШ президенті бұл шаралардың мақсатты түрде Қазақстанға бағытталмағанын айтты.
"Бұл тарифтер сауда кедергелерін жою үшін қажет. Сауда теңгерімсіздігі – АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді", - деді Трамп.
25 пайыздық баж салығы фосфор, ферросилиций, оптикалық линзалар, пшеничная клейковина (глютен) және аммиак селитрасына (нитрат аммония) қатысты қолданылады. Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартысында АҚШ-қа 6 500 тонна глютен, 2 200 тонна сары фосфор және 1 483 тонна ферросилиций жөнелтілген. Ал аммиак селитрасы экспортталмаған.
Сыртқы істер министрлігі бұрынғы совет елдері тәуелсіздігіне шүбә келтірген Қытай елшісіне қатысты пікір білдірді