Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы бітім шарттары туралы сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Caliber.Az-ға сілтеме жасап.
Лавровтың айтуынша, Украинадағы бітімнің басты шарты – Ресей құрамына жаңа аумақтардың қосылуын халықаралық деңгейде мойындау.
«Бейбітшілік берік болуы үшін Қырым, Севастополь, ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстары референдум нәтижесінде қосылғаннан кейін пайда болған жаңа аумақтық шындық халықаралық-құқықтық тұрғыда мойындалуы және рәсімделуі қажет», – деді ресейлік министр.
Бұдан бөлек, Ресей СІМ басшысы «бейбітшілік Ресей қауіпсіздігіне төнетін қауіптер жойылмайынша мүмкін емес» екенін, оған НАТО-ның кеңеюі де кіретінін айтты.
Сонымен қатар, бітім үшін Украина бейтарап, әскери одақтарға қосылмаған және ядролық мәртебеден тыс ел болуы қажет екенін жеткізді.
«Единая Россияның» бас хатшысы Турчак Мексикада демалып жатқан депутатты «Вагнер балғасымен» қорқытты