Астана Ауғанстандағы теміржол құрылысын қаржыландырады

926
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qkUCn3ej2TiFoqcibQ0uKy1mFWfcS2lzBQdYox4r.jpg

Қазақстан Ауғанстан аумағында салынатын Тұрғұнди – Герат теміржолының қаржыландыру құрылымын пысықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұзындығы 120 шақырым болатын жоба 2026–2027 жылдары жүзеге асырылмақ. Қазір қаржыландыру тетіктері нақтыланып, инвестиция тарту бағытында жұмыс жүріп жатыр.

«Теміржол желісін іске қосу Қазақстаннан Ауғанстанға жүк экспорттау мен транзиттік тасымалды арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба арқылы Пәкістан мен Үндістан нарықтарына шығу көзделген», — деді Қалиақпаров.

Еске сала кетсек, шілде айында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов XVII Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Ауғанстан үкіметінің өкілдерімен кездесу барысында жобаны қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеген еді. Кейін «Бахтар» мемлекеттік агенттігі Қазақстан теміржол құрылысына 500 млн доллар инвестиция салатынын хабарлады.

Бұл ақпаратты тамыз айында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де растаған. Оның айтуынша, аталған қаражат жобаның алғашқы кезеңіне бөлінеді.

Пікірлер