Алматыда бір сауда орталығы сатылымға қойылды

818
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WipjSBMJvqWLq3WQwqTXUphy9mdp5YICxuD8oKKr.jpg

Алматы қаласында орналасқан "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы 28,6 миллиард теңге болып белгіленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясының ресми сайтында жарияланды. Сауда E-Qazyna порталында өтеді. Лот сипаттамасында көрсетілгендей, аукционға компанияның 100 пайыз үлесі қойылып отыр.

Құжаттарға сәйкес:, сауда орталығының жарғылық капиталы – 26,3 миллиард теңге. Ал бағалау кезіндегі табысы – 2,7 миллиард теңге, таза пайдасы – 1,2 миллиард теңге.

Аукционға қатысушылардан 2,86 миллиард теңге кепілдік жарна талап етіледі.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сауда-саттық заң аясында өтіп жатқанын, ал түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін компания "Бата", "Беташар", "Сүйіндір" коллекциялық монеталары мен 14 эксклюзивті қолсағатты аукцион арқылы 117 миллион теңгеге сатқан болатын.

Пікірлер