Елімізде УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион ашылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Қызылордада салынған көпсалалы стадион 11 мың орынға лайықталған. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таэквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.
«Биыл жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады. «Қайсар Арена» стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі», – деді министр Ербол Мырзабосынов.
Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі де УЕФА талаптарына сай жасалған.
«Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
